РЕЗЕҢКЕНІ АУДАНДА ӨҢДЕЙДІ

Қызылқоға ауданында шағын және орта бизнес саласы бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 896-ны құрады. Оның ішінде 31 заңды тұлға, 170 шаруа қожалығы, 695 жеке кәсіпкер бар. Кәсіпкерлік субъектілерінен  аудан бюджетіне 46,0 млн. теңге төлем түсіп, жалпы салықтың 5,3  пайызын құрап отыр.

 

Бүгінде аудан халқына 149 сауда объектілері, 1 базар, 38 қоғамдық тамақтандыру, 56 халыққа қызмет көрсету және 19 өндіріс орны жұмыс істеуде. Өткен жылы  3 жылыжай, 1 наубайхана және 24 қызмет көрсету орны, барлығы 28 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 57 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жалпы 2014 жылы  кәсіпкерлер барлық қаржыландыру көздері бойынша  532,5 млн. теңге несиеге қол жеткізді. Кәсіпкерлерге берілген несие 2013 жылмен салыстырғанда  29,3 пайызға өсіп отыр.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша аудан аумағынан «Резеңке өнімдерін өңдеу және өнімдерін шығару» зауытын іске қосу  жоспарлануда. Жоба құны – 91,5 млн. теңге. Зауыт неміс технологиясы бойынша  36 түрлі өнім шығарып, 26 адамды жұмыспен қамтитын болады.

Мағрупа ҚАЗИХАН.

Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз