Атырауда заңсыз жүрген жүзден аса қытайлық анықталды (+ВИДЕО)

photo5305705261643708696 Жаңалықтар

Атырауда мерзімдері өткен визалық құжаттармен жүрген 120 қытайлық анықталды.

Бұл туралы облыстық ПД мәлімдеді. Атырау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері “Мигрант” іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді анықтады.

Мәселен, Өзбекстан Республикасының 30 азаматы құрылыс алаңында арнайы рұқсат құжаттарынсыз қызмет етіп жүрген. Қазіргі уақытта олар қабылдау-тарату орнына қамалды. Жеке бастары анықталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Бұдан басқа, аталған жедел іс-шара барысында полиция қызметкерлері қала аумағындағы Қытай компанияларының бірінің филиалында мерзімдері өткен визалық құжаттармен жүрген 120 Қытай Республикасының азаматын анықтады. Қазіргі уақытта әкімшілік іс-құжаттары сот органдарына жолданды.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз