Атырау – Орал тас жолының бойында жүк көлігі жанып кетті

fura Жаңалықтар

22.01.2019 16:21 сағат

Атырау – Орал тас жолының бойында  жүріп бара жатқан жүк көлігі жанып кетті. Оқиға  Индер ауданына қарасты Аққала ауылының тұсында орын алған. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2010 жылы шығарылған Тяньшань Tsg-3258 м/б KZ 837 ҒXВ /13 маркалы жүк көлігінің бастапқы кезде кабинасы мен алдыңғы дөңгелектері жана бастаған.

ustanovlena-prichina-vozgoraniya-fury-na-kaluzhskoy-trasse-30045

«Көлік иесі –  1990 жылы өмірге келген  азамат. Өртті сөндіруге  Индер ауданы  №5 Өрт сөндіру бөлімінің 1 техникасы мен  жеке құрамнан  3 адам жұмылдырылды» делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Фото – kaluga.glavny.tv/

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз