20190407011620

Теңіз кен орнында 25 жастағы жұмысшы көз жұмды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/7 сәуір, 2019 жыл. Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмысшы көз жұмды.

Қайғылы оқиға жөнінде ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Атырау облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында жұмысшының қаза болғанын растап, барлық мән-жай анықталғаннан кейін толық ақпарат беруге уәде етті. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, 25 жастағы жігіт Теңіз кен орнына Түркістаннан келген. Кран операторы болып жұмыс істеген оның үстіне аталмыш техниканың жүк көтеретін бөлігі құлап түскен. Айта кетейік, Теңіз кен орнын игерумен «Теңізшевройл» ЖШС айналысады. 

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған