Жарнама
БілімЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ

Тәжірибе алмасу біліктілікті шыңдайды (+ФОТО)

Atr.kz/29 тамыз, 2019 жыл. Биыл облыстағы орта мектептердің 4, 9 және 10 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнына көшеді. Бұл ретте аталған сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдері білім берудің жаңа стандарттары негізінде тәжірибе алмасу қажет. Осы мақсатта Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде облыстық әдістемелік семинар өтті.

Аталған мектептің баспасөз қызметінің хатшысы Әнуар Жаманқұловтың хабарлауынша, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған семинарда сабақты жоспарлау және зерттеу, критериалды бағалау, CLIL әдісі және жүйелі-әрекеттік дамуға басымдық жасалды. Жаңартылған білім бағдарламасы жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді меңгеретін оқушылардың бойында сын тұрғысынан ойлау, функционалдық сауаттылық пен алған білімді өмірде қолдана білуді меңзейді.

2021 жылға қарай жоғары сыныптарда физика, химия, биология мен информатика ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұл жұмысқа дайындық аясында облыс педагогтары аталған семинарда Назарбаев мектебінің халықаралық мұғалімдерінен дәріс алды. Найроби, Колумбия және Филиппиннен келген ұстаздар қазақстандық оқытушыларға сыртқы жиынтық бағалауды ұйымдастыру және білім алушылардың сапасын бақылау жөнінде тәжірибелік әдістерін ұсынды.

Fizika na anglijskom 3
d82f0d70 993b 41a3 8506 49375a858a06
1c87f297 8b20 4725 b2c2 cf5b33b49dd5

Айгүл НАРМАҒАМБЕТОВА,

семинар қатысушысы:

Қазіргі білім беру жүйесі үнемі ізденіс пен толықтыруды қажет етеді. Өйткені, жаңа буынның өзіне қажетті ақпараттарды алу жолдары көбейді. Баланың оқыған білімін өмірде пайдалана білуі үшін ұстаздар қауымы да кейде өздерін оқушының орнына қойып көруі тиіс. Осы орайда біз семинарда баланың қабылдау психологиясы, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы басымдықтардың ерекшелігіне көбірек тоқталдық.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button