
Тазалық рейді: 8 340 құқықбұзушылық анықталды
Қала көркі тазалықтан басталады. Осы орайда Атырау қаласында рейдтік шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жұмыстарға облыстық полиция департаментінің қызметкерлері мен әкімдік мамандары бірлесіп қатысуда, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
–Жыл басынан бері тиісті заңдылықтар бойынша 8 340 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі тіркеліп, 2 795 ескерту, 3 045 айыппұл түрінде хаттама толтырылған ,- деді Атырау қаласы полиция басқармасының бөлім бастығы Қаршыға Дүйсенғалиев.
Мақсат – қала аумағын таза ұстау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
Рейд барысында тұрғындарға өз ауласынан тыс 5 метрлік аумақты таза ұстау қажеттігі ескертілуде. Рұқсатсыз қоқыс тастау жағдайлары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажет болғанда әкімшілік шаралар қабылданады.