Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда республикалық сенбілік және көшет отырғызу акциясы өтуде

Бүгін Республика күні қарсаңында Атырау өңірінде «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық сенбілік және көшет отырғызу акциясы өтуде.

Атырау облысы бойынша экология департаменті аймақтың атқарушы органдарымен, кәсіпорындарымен, экобелсенділермен, волонтерлермен және студенттермен бірлесіп ашық аспан астында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аумақты қоқыстан тазарту және осы істе тұрғындарды бірлікке, жауапкершілікке жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылған акция жас ұрпақты табиғатты таза ұстап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау арқылы қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысуға да баулиды.

img 20231021 wa0024

Акция еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен бір уақытта барлық өңірде қолға алынды. Атыраудағы тазалық шарасына қатысушылар «Ноғай» мұсылман зираты мен «Аламан» базарының артын қоқыстардан тазалауда. Сонымен қатар «Жаңаталап» ауылдық округі тасжолының бойына 500 көшет отырғызып жатыр. 

Сенбілікке  «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «CASPIAN OFFSHORE CONSTRUCTION REALITY» ЖШС, «ҚазТрансОйл» және «Каспий мұнай» АҚ және басқа да кәсіпорын, мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысуда. Акция аясында тонналап жиналған шыны, пластик, резеңке, металл және қағаз әрқайсысы бөлек-бөлек сұрыпталады және «Арнайы авто база» ЖШС-нің қоқыс полигонына жіберіледі.

img 20231021 wa0026

–Біз қазір «Аламан» базарының артын қоқыстан тазартып жатырмыз. Ашық дала болса да бұл жерде біраз қоқыс бар. Тұрғындар қашан да тазалық мәдениеттіліктің өлшемі екенін ұмытпаса екен деймін. Әр тұрғын өз үйінің маңайы мен ауласын таза ұстаса, ашық алаңдарға апарып қоқысты төкпесе мұндай ластану болмас еді. Сондықтан әр адам туған өлкенің тазалығына, оның көгалдандырылуына баса мән бергені жөн. Қазір біздің кәсіпорын қызметкерлері өздеріне бекітілген аумаққа тазарту жұмыстарын жүргізіп, шөп-шалаңды шауып, қоқысты жинауда. Осындай іс-шараларға барлық тұрғынның белсенді қатысқаны абзал, — дейді «Атырау облысы Су Арнасы» КМК кадр бөлімінің қызметкері Айдана Есенғалиева.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button