Жаңалықтар
«Таза қала — таза жағалау». Атырауда жастар сенбілікке шықты
Атырау қаласында студенттер, жас депутаттар, белсенді жастар мен еріктілер сенбілікке шығып, Атырауды және негізінен өзен жағасын балшықтан, қоқыстан тазартуға бастама көтерді.
«Таза қала — таза жағалау» акциясын «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жобасы аясында Атырау облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жеті жарғы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Бұл жолы белсенділер Авангард ықшамауданы аумағындағы Жайық өзенінің жағасын тазартпақшы. Биыл жағалауларды тазарту бойынша акция 9 рет ұйымдастырылды» дейді «Жеті жарғы» ҚҚ өкілі Бекарыс Закария. Ол алдағы қысты таза қалада және таза жағалаулармен қарсы алу керек екенін атап өтті.