ТАУЫҚтан ТАБЫС тапқандар
Негізі, Атырауда құс өсіруге ниет қылғандар көп емес. Сол себепті де құс шаруашылығы – облыста кенжелеу болса да, дамып келе жатыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының былтырғы сегіз айдағы есебі бойынша атыраулықтардың иелігінде 182,2 мың құс бар екен. Бұл, негізінен, мал шаруашылығына ден қойған өңірдегі төрт түліктің жалпы санына шаққанда, 15 пайызын ғана құрайды.
Қабыл қалай грант ұтып алды?
Бүгін біз миллиондаған қаржы құйылған ірі фабрикалар емес, кəсібін «нөлден» бастаған құс шаруашылықтары туралы оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Алғашқы кейіпкеріміз – Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылының тұрғыны Қабыл Бағытов қаржы саласында оқып, бірнеше ұжымда қызмет атқарған. Бірақ інілері білім қуып, қалаға кеткен соң, ауылдағы анасының қолына баруға тура келіпті. Əуелі анасына қалаға көшуге ұсыныс жасайды. Бірақ қазақта қарашаңырақ деген киелі ұғым бар емес пе? Анасы қоныс аударудан бас тартады.
Сосын Қабыл ағайын-туыстың кеңесімен «Бизнес Бастау» курсын оқуға бел буады. Кəсіп бастауға ниетті жас жігіттің тілегені болып, Жамбыл ауылдық округінің бас маманы Зайда Суатова бағдарламаны жан-жақты түсіндіріп, ақыл-кеңесін береді. Тіпті, ауданға тапсыратын құжаттарды реттеуге де қолұшын берген. Осылайша, былтырғы шілде айында «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының 21 күндік онлайн курсын оқып, өзінің қолға алған жобасын екі мəрте сəтті қорғап шығады. Тамыз айында «Нəтижелі жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 200 АЕК, яғни 555 600 теңге көлеміндегі кəсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз грантты ұтып, кəсібін бастап кетеді.
Б ү г і н д е ш а ғ ы н шаруашылығында 85 доминант тұқымды, 13 үй тауығы – барлығы 98 құс бар. – Кəсібімді қолға алып, нарықты зерттей бастағанда түрлі түсті жұмыртқаларға көзім түсті. Бастапқыда боялған ба деп ойладым. Сұрастыра келе доминант тұқымды тауықтың жұмыртқасы екенін білдім. Осы саланың мамандарымен кеңесе отырып, дайын тауықтарды да, инкубатор мен бройлер құрылғыларын да сатып алдым. Қора-жайды кеңейтіп, алдағы көктемде бөдене, күркетауық, қаз бағуды қолға алмақшымын, — деді ол. Ү к і м е т т і ң қ о л д а у ы н а ие болып, өз кəсібін бастаған Қабылдың тірлігіне қарап, қалада ар зымайтын ақшаға жұмыс істеп, оның жартысына пəтер жалдап, өлместің күйін кешіп жүрген жас отбасылар елестеді. Санаға сіңген стереотиптерді сілкіп, кəсіпкерліктің жаңа буынын қалыптастыруға болатынын кейіпкеріміз дəлелдеп тұрғандай. Жас кəсіпкердің жұмысына сəттілік тілейміз!
Төрт мың теңгемен басталған бизнес
– Мен «Үкіметтен не алсам деп емес, еліме не берсем екен» деп жүрген жанмын, — дейді Махамбет ауданы, Есбол ауылының тұрғыны Жалғас Таңатұлы.
Ол мектепті үздік тəмамдап, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Су ресурстары жəне оны басқару» мамандығын грантпен оқып шықты. Кейін мамандығына сай жұмыстардың жалақысы мардымсыз болған соң, Теңіз кенішіне жұмысқа орналасқан. Ал, қазіргі шаруашылығына оның бала күнгі қызығушылығы себепші болыпты.
«Кішкентай кезімде жазда күннің ыстығына қарамастан, тауық қораның ішінде оның жұмыртқалағанын күтіп отыратынмын» деп жымия еске алды ол.
2017 жылы «Алмалы құс» фабрикасы қартайған тауықтарды сатып жатыр» деген хабарды естіп, кейіпкеріміз 400 теңгеден 10 құс сатып алады. Алғашында, далаға шығарып, жаюға да ұялып жүріпті. Себебі, тауықтың жүні жоқ, түрі адам шошырлық. Бірақ, жұмыртқалайды. Содан Youtube желісінен қарап, қолдан инкубатор жасап, бар жұмыртқасын пайдаланып, тауық санын 100-ге жеткізеді. Отбасынан артылғанын сатып, алғашқы пайдасын да көре бастайды.
Бөденеден – брендке…
Жас жігіт мұнымен тоқтап қалмай, келесі жылы қаладан 50 дана бөдене жұмыртқасын əкеліп, тағы да инкубаторға салады. Бұл жолы 15 балапан шығады. Титімдей түріне қарап, бастапқыда таңданып та қалғаны рас. Тоқтап қалмай, тағы да 100 дана жұмыртқаны балапанға айналдырады. Алғашқы балапандар жұмыртқа бере бастайды. Осылайша, кəсібі кеңейген кейіпкеріміз сарайының ішін жөндеп, жылу тартып, арнайы торларға орналастырған. Жаңадан инкубатор алған соң бөдене санын 300-ге жеткізіп, одан бөлек 250-дей балапанын да өргізген.
– Бөдене саны артқан сайын, жұмыртқа да көбейді. Сондықтан, тек сату емес, сатып алушының назарына түсу – басты мақсатым болды. Себебі, қазір нарықта сауданы бір ретік жолмен жасағанды, яғни сорпасы татымайтын дүниені алдап өткізуді оңтайлы көретіндер көп. Менің ұстанымым бойынша тұтынушы маған үнемі келіп тапсырыс беретіндей, қасына өзге тұтынушыны тартатындай болуы керек. Сондықтан, сапа мен сервиске ерекше көңіл бөлемін. Сол жылдары қалада бөдене ұстаушылар да көп болды. Бəсекеге қабілетті болу үшін бренд жасауды қолға алдым. Сөйтіп, тұңғыш ұлымның есімімен атап, логотип жасап, қорап, жапсырма жəне датер алдық. Осылайша, нарыққа «JasQanat» фабрикасы келді. Өнімді маусым сайын ветеринар мамандардың тексеруінен өткізіп тұрамыз, — дейді Жалғас.
Бүгінде бөдене жұмыртқасының нарықтағы құны – 35 теңге, балапаны – 1000 теңге. Етінің əр килосы үшін сізде 4000 теңге болса жеткілікті. Ал, егер мұны қымбат санасаңыз, Жалғас сынды ерінбей еңбек етіңіз, сіздің де табыс табуға мүмкіндігіңіз бар. Тауық өсіру – ауылдағы қазаққа аса қиын емес. Ал, бөдененің жұмыртқасын алғаш əкелгенде, келемеж етіп күлгендер бүгінде оны сатып алып, емге ішеді екен. Əрекет еткен азамат жігітке Алла да берекетін беріп жатқанына риза. Біліммен жеткен биіктік Б ө д е н е б а ғ ы п , б р е н д і н қалыптастырған Жалғас мұның бəріне тауық бағудың күйбең тірлігімен ғана жеткен жоқ. Студент кезінен көптеген кəсіпкермотиваторлардың видеоларын көріп, Қуаныш Шонбай, Қыран Талапбек сынды мамандардан сабақ алып, кəсіпті дамыту, сату өнеріне қатысты көптеген кітаптарды оқып та үлгеріпті. Оны аталмыш брендтің əлеуметтік желідегі парақшасынан да айқын аңғаруға болады.
– Арман Əлменбеттің «Берекелі бизнестің сыры» деген кітабын баршаға оқуға кеңес беремін. Кітаптың кейіпкері – жас кезінде қарапайым электрик, монтер болған Ерлан Əшім ағамыздың бүгінде «Нəтиже» деген сүт фабрикасы, «220 вольт» деген үлкен компаниясы бар. Оның өмір жолы мен жеткен жетістіктері кез келгенге үлгі боларлықтай. Жалпы, ғаламтор желісінде оқитын, үйренетін дүние өте көп. Сол тегін дүниенің құны болмайтыны, оны пайдаланбайтыны өкінішті, — дейді ол.
Міне, бүгінгі екі шаруашылық иесінің де жасы отызға толмаған. Алайда, «жұмыс жоқ» деп міндетсінбей-ақ жоқтан бар жасап, болашаққа зор жоспармен қадам басып отыр. Қазақтың бір баласы кәсіп ашса, зор қуаныш. Біз ондай талаптыны қолдаймыз, өзгелерге үлгі тұтамыз. Бүгінгі мақалада Үкіметтен грант ұтып алуды да, төрт-ақ мың теңгемен кәсіп бастауды да көрсеттік. Ендігі іс-әрекет – жастардан. «Ақша жоқ» деп ұрлық-қарлыққа ұрынып, байбалам салғанша, жұмыртқадан тауық, тауықтан табыс неге таппасқа?!
Салтанат АҚТƏЖИЕВА