Жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталғаны туралы хабарлайды.

2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.

Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі (34 жас қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар 6 бағыт бойынша беріледі:
«Ғылым»
«Мәдениет»
«Ақпараттық технологиялар»
«Бизнес»
«Медиа»
«Волонтерлік»



Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2024 жылғы 05 тамыз бен 06 қазан аралығында t.urpaktary2024@mail.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78

Толық ақпарат үшін көрсетілген сілтемелерге өтіңіз:

https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/documents/details/707905
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/821575?lang=kk

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button