ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛ
Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Зелимхан Зубариевке табысталып, «Иверия» грузин этномәдени бірлестігі вокалдық тобының жетекшісі Ани Цатынян, «Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Александр Солодовников, Құрманғазы атындағы саз мектебінің оқытушысы Светлана Петрова, Исатай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеміс Қизатов және облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Мерекелік кеш марапаттау рәсімінен кейін мәдени шараға ұласты. Концерттік бағдарлама термешілер шеруімен басталды. Кейін «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің ұлт-аспаптар оркестрі Құрманғазының «Серпер», «Сарыарқа» күйлерін тарту етіп, халықаралық ән байқауларының лауреаты Елена Ералина «Астана – менің махаббатым» әнін тамаша орындап берді. Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының «Қазына» би тобы, Қызылқоға ауданының көркемөнерпаздар триосы, басқа да өнерпаздар кештің шырайын асырып, мерекелік көңіл-күйді арттыра түсті.
Айгүл ЕРТІЛЕУ.
Суретті түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.