Жарнама
Жаңалықтар

Тасқыннан зардап шеккен отбасы аудан орталығынан екі қабатты жаңа үй алды

Құлсары қаласындағы үйі суға кеткен 2 633 отбасыға өтемақы берілді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қыметі.

Тасқыннан зардап шеккендердің бірі – Қадырбек Қоспақов. Ол өзіне берілген өтемақыға екі қабатты коттедж сатып алған. Қазір жаңа үйге отбасымен қоныс аударыпты.

— Сәуірдің 5-де үйімізді су басып, баспанамызды тастап кетуге мәжбүр болдық. Өр су өте шапшаң келді. Су деңгейі тез көтеріліп, 20 күннің ішінде үйіміз жарамсыз болып қалды. Содан Боранқұл ауылын уақытша паналадық. Кейін әкімдіктегілер көмек болып, өтемақы толық төленетінін айтты. Шыны керек, айтылған уәденің бәрі орындалды. Төртінші маусымда маған тиісті ақша аударылды. Бірақ, өзіміз үй іздеп көп жүріп қалдық. Міне, қазір көп ойлана келе туған жерімізге қайта оралып жаңа үйімізді осы жақтан алдық, — деді Құлсары қаласының тұрғыны Қ.Қоспақов.

Айта кету керек, өтемақы алғандар Ақтау, Ақтөбе, Атырау және Құлсары қалаларынан үй алып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button