Жарнама
Жаңалықтар

Тасқыннан келер қауіп сейілген жоқ

Атырау облысының Махамбет ауданында су тасқынынан келер қауіп сейілген жоқ. Бөгет соғу жұмыстары аяқталуға жақын. Дегенмен босаңсуға әлі ерте, сондықтан өңірде түнгі кезекшілік ұйымдастырылуы қажет.

Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында атап айтылды, — деп хабарлайды аудан әкімінің кеңесшісі Алшынбек Мұқанғалиев.

Аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері, учаске координаторлары қатысқан жиында қазіргі ахуал баяндалып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

— Су тасқынынан келер қауіп сейілген жоқ. Бөгет соғу жұмыстары аяқталуға жақын. Дегенмен босаңсығуға әлі ерте, сондықтан түнгі кезекшілік ұйымдастыруды тапсырамын. Сын сағатта сан соғып қалмау үшін барлық күш-жігерімізді ауданымызды тасқын судан аман сақтап қалуға жұмсауға шақырамын, — деді Қ.Нұрлыбаев.

Ауданда Жайық өзені бойында 17 елді мекен орналасқан. Өңірдегі судан қорғану бөгеттерінің жалпы ұзындығы – 80 шақырым.

Бүгінде осынша шақырым бөгет қайта жаңғыртылса, 25 шақырым бөгет жаңадан соғылды.

Айта кету керек, тасқынға қарсы күресте атқарылған жұмыстар жайы айтылып, тиісті тапсырмалар берілетін жедел штаб отырысы өңірде күндіз-түні өткізіліп келеді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button