Жарнама
Жаңалықтар

Тасқыннан кейін қала маңында қалған төгінділердің картасы дайындалуда

Тасқын кезінде қала маңындағы жүздеген гектар далалықты су басып, балықтар қайраңдап қалды. Жаз бойына шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, шалшықта қалған шабақ әлі көп.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен жиында қолға алынып жатқан шаралар мен шабақтарды сақтаудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу мәселесі талқыланды. Отырысқа облыс пен қаланың жергілікті атқарушы органдары, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, «Қазсушар» РМК жергілікті филиалы және NCOC компаниясының өкілдері қатысты.

Жиында белгілі болғандай, су басқан жерді нақты анықтау қиын, өйткені су өте көп. Дала әлі кеуіп үлгермегендіктен, топырақтың ылғалдығынан техника мен көлік қозғалысына мүмкіндік бермейді. Визуалды тексеруге дрондар пайдаланылады. Сондай-ақ, шабақ құтқару жұмыстарына жауапты балық инспекциясы мен жергілікті атқарушы органдарға табиғат пайдаланушылар – өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және шаруа қожалықтары да көмек көрсетіп отыр.

Жасұлан Бисембиев құзырлы органдарға даладағы және әлі су астында тұрған тас жол бойындағы аймақтардың электронды картасын дайындауды тапсырды. Әрі қарай атқарылатын міндеттер нақтыланып, жоспар жасалып, тиісті жұмыстарды ұйымдастырылады.

Жиын барысында Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясының басшылығына Соколок каналындағы шабақтарды құтқаруға жан-жақты көмек көрсетуге ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button