Жаңалықтар
Тасқынға тосқын
Облыс әкімі Серік Шәпкенов су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту үшін ірі мұнай компанияларының өкілдерімен кездесті.
Су тасқынына қарсы жедел штаб отырысының отырысына «АМӨЗ» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «NCOC N.V», «Ембімұнайгаз» АҚ, «Каспий Құбыр Консорциумы», «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері мен өзге де жауапты мамандар қатысты.
Облыс басшысы су тасқынына қарсы күресте компаниялар мен мердігерлердің арнайы техникасын жұмылдыру, әр компанияға белгілі бір учаске мен жұмыс фронтын бекіту, қажетті материалдар, жанар-жағармай, құрал-жабдықтар қорын қалыптастыру мәселелері бойынша қолдау көрсетуді тапсырды.
Айта кету керек, тасқынға тосқынды күшейту жұмыстарын үйлестіруді Атырау облыстық жедел штабы жүзеге асырады.