Жарнама
Жаңалықтар

Тасқынға тосқауыл болғандар марапатталды

Атырау қаласында көктемгі су тасқынымен күрес жұмысында тоқтаусыз қызмет етіп, бөгетті бекемдеу жұмысына белсене атсалысқан бірқатар студент пен оқытушы марапатталды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен салтанатты шарада оқу орнының ректоры Саламат Идрисов бөгет соғуда белсенділік танытқандарға республика Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан Алғыс хат табыс етті.

-Өңірдегі екі айға жуық уақытқа созылған жұмысқа сала министрі де бейжай қарамады. Өзі де Атырауға арнайы келіп, бөгет соғып жатқан студенттердің ауызбірлігіне, ұйымшылдығына ризашылығын білдірген еді. Бүгін, міне, осындай белсенді студенттердің игі ісі назардан тыс қалмай, марапатталып жатыр, – дейді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры С.Идрисов.

Айта кету керек, сын сағатта еңбек еткен студенттер мен ата-аналарға университет басшысы да өз алғысын білдірді.

Ұлболсын МАРСОВА

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button