Тасқын су туралы жалған ақпарат таратқан адам жауапкершілікке тартылды

img 20240413 153202 882 Жаңалықтар


Атырау қаласын су басуы туралы жалған аудиожазба таратқан ер адамға тиісті заңдылыққа сәйкес айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.

-Еске сала кетейік, БАҚ пен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік, соның ішінде қылмыстық жауапкершілік қаралған. Тұрғындарды тек Атырау облысының жедел штабы таратқан ресми ақпаратқа сенген жөн, – дейді жедел штаб өкілдері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз