750-ден астам адам құтқарылып, 1,5 мыңнан астам көлік қар құрсауынан шығарылды

photo 305957 Жаңалықтар

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл.  Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин боран салдарынан жабылған жолдардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бүгін Ішкі істер министрлігі бөлімшелерінің, жергілікті атқару органдарының, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ күшімен 140-тан астам көлікті Ақкөл қаласына дейін жеткіздік. Әкімдік тарапынан адамдарды орналастыру мен тамақтандыру шаралары ұйымдастырылды», – деді Ю. Ильин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол басқа да бағдарлардағы жағдайды айтып берді.

«Өзге де бағыттарға тоқталсақ, елорда маңында адамдарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Өткен тәулікте 750-ден астам адам құтқарылып, 1,5 мыңнан астам көлік қар құрсауынан шығарылды.

Дегенмен де қар басып қалған жерлерде 500-ге тарта көлік қалып отыр, әзірге оларды эвакуациялау қиын болып тұр. Яғни, жол тазартылғаннан кейін аталған көліктерді алып шығамыз. Қазір біз Қорғаныс министрлігінің бөлімшілерін жұмылдырудамыз. Осы орайда арнайы техникамен адамдарды қар құрсауынан шығару жұмыстары жалғасуда», – деді Ю. Ильин.

12614004
http://atr.kz/el-zha-alyi-taryi/elordada-t%D3%A9tenshe-zha%D2%93daj-zhariyalandy/

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз