Жаңалықтар
Тасқын су Сборный қыстағын басып үлгерді
Өр суы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округіне қарасты Кеңөріс елді мекеніндегі Сборный қыстағына жетті.
Ақтоғай ауылдық округі әкімдігінің хабарлауынша, қыстақтағы алдын ала соғылған бөгеттер тасқын суға бөгет бола алмады. Мұнда 12 адам мен 600-ге жуық ірілі-ұсақты мал қауіпсіз жерге көшіріліп үлгерді. Су қазір өз арнасымен жайылмаларға жайылуда.
Айта кету керек, аталған қыстақта негізінен Жайық бойында орналасқан мал шаруашылығымен айналысатын 7 шаруа қожалығы бар.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ