Жарнама
Жаңалықтар

Тасқын су қыстақтағы үйге жетті

Әлеуметтік желілерде Махамбет ауданы Есбол ауылынан екі шақырым жерде орналасқан қыстақтағы үйді тасқын судың басып жатқаны жөнінде ақпараттар тарады. Біз мәселенің мән-жайын аудандық әкімдіктен сұрап білдік.

18 мамырда Махамбет ауданы, Есбол ауылдық округіне қарасты далалық жерде мал ұстап отырған «Сырым» ШҚ-ның 1 тұрғын үй ауласында су жиналуы орын алуда. Бірақ баспананы әзірге су баспаған. Аталған тұрғын үй Жайық өзені жағалауынан шамамен 120 метр қашықтықта, Есбол ауылынан 1 шақырым 400 метр жерде орналасқан. Тұрғын үй иесі 1969 жылы туған С.Құлжанов, — деп мәлімдеген Махамбет ауданы әкімінің кеңесшісі Алшынбек Мұқанғалиев аталған үйде қазір ешкімнің тұрмайтынын, мал бастарын су келмей тұрып қауіпсіз жерге айдап тастағанын атап айтты.

-Үй иесі өз отбасымен Есбол ауылында тұрып жатыр. Тұрғын үйде газ желісі, жарық көзі айырулы тұр. Жайылып жатқан өр суы Есбол ауылына және айналадағы елді-мекенге қауіп жоқ, — дейді А.Мұқанғалиев.

Айта кету керек, 12 мамырда үй иесі және Қарағанды қаласынан келген 52859 әскери бөлімінің сарбаздары көлемі 10х18 метр үй мен 6х12 метр болатын сарайдың айналасына түгелдей топырақ үйіп, қаптармен бекіткен. Үй құрылысының қабырғасы жартылай саман тас, жартылай ақ тастан (ракушеблок) салынған.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button