Ватсаптан балағат сөз жазатын азамат, мас жүргізуші…

5 8 Құқық

Атырау қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Ерлан Бигамбаев қала аумағында орналасқан учаскелік полиция бекеттерін аралау барысында, осында арыз-шағымдарымен келген тұрғындармен кездесті.

Ерлан Биғамбаев азаматтардың өтініштерін тыңдап, сол жерде  көмек көрсетті.

Мысалы, қала тұрғыны 22 жастағы азаматша  заңды некеде тұрмайтын бұрынғы жолдасының өзін күнделікті мазалап, телефон соғып, ватсап желісі арқылы балағат сөздер жазатынын айтып шағымданған. Бұл азаматшадан кездесу барысында жазбаша түрде арыз алынып, ватсап желісі арқылы балағат сөздер айтқаны үшін 28 жастағы  азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 131 бабының 2 бөлімімен (Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту, көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Осы іс сотта дәлелденген жағдайда, ол  азаматқа екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазалануы мүмкін. Сонымен қатар,  алдағы уақытта тағы да мазаламауы үшін қорғау нұсқамасы шығарылып, ол азаматпен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. 

Сондай-ақ, бұл күні Е.Биғамбаев «Әкімшілік тәртіппен ұстап алынғандарды арнайы қабылдау орынына» барып, ішімдік ішкен күйде көлік басқарғандары үшін, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған тұлғалармен кездесті. Ендігі уақытта мас күйде қайталап көлік жүргізген жағдайда, ҚР ҚК-нің 346 бабымен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалатындығын және ол үшін 1 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгендігін айтып, профилактикалық әңгімелесулер жүргізді.

Atr.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз