Жарнама
Жаңалықтар

Тасқын су «Атырау-Индер-Орал» автожолын басып жатыр

Бүгін, 13 мамырда сағат 09.45 -те Индербор-Орал бағыты бойынша
сайларға жиналған тасқын су жергілікті маңызы бар автокөлік жолының 3-5 шақырымына шығып кетті. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

– Осы учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Орал қаласына баратын автокөлік жүргізушілері үшін Махамбет ауылы арқылы өтетін балама жол бар, — делінген хабарламада.

Айта кету керек, Индербор кентіне кіретін автомобиль жолының жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button