Жарнама
Жаңалықтар

ТАСҚЫННАН ҚАУІП ЖОҚ

Комиссия отырысында баяндама жасаған төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы М.Құрмановтың мәлімдеуінше, Ақтөбе облысындағы өзендердің су бассейндерінде ылғалдану әдеттегіден 20-40 пайызға кем, ал Жайық өзенінің бастауында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары аумағында қардың көлемі жылдағыдан аз көрінеді. Ресейдің Волгоград облысындағы метеорологиялық жағдай мен гидрологиялық ахуал көктемгі еріген қар суын еш кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді.

Дегенмен, көктемгі су тасқыны аймаққа еш зиянын салмай өте шығады екен деп қаннен- қаперсіз отыруға тағы болмайды. Сәлімжан Жұмашұлы қала мен аудан әкімдерінің орынбасарларының бұл жөніндегі хабарламаларын тыңдаған соң жергілікті жерлердегі аталмыш комиссиялардың жұмыстарын жандандыруды, арнаулы техникаларды, тасқынға қарсы тұрғызылған бөгеттерді жөндеу, елді мекендердің қауіпті аймақтарына топырақ, қапшық, жанар-жағармай жеткізу, бөгеттерді заңдастырып, оларға мемлекеттік акт алу қажеттігін қатаң ескертті.

Б.ХАМИТҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button