Жарнама
Жаңалықтар

ТАСҚА БАСЫЛҒАН ТАРИХ

 — Алғашқы саны 1953 жылдың қаңтар айында «Сталин туы» деген атпен аптасына бір рет екі бет болып шыға бастаған газетке алғаш редактор болып Әлімбай Жанғазиев қол қойды.  Құрылу тарихы осылай басталған газет «Сталин туы» деген атауынан кейін «Социалистік еңбек»,  «Коммунизм туы» болып өзгеріп, онда редакторлар Қабдол Кенжалиев, Жұмаш Нақ-паев, Теңдік Жауыров, Төлеубай Ысқақов, Ізни Нұрқасымов,  Жолдығали Бақытов, Нұрлан Қабылов, Лес Жолдиев, журналистер Арыстанбек Наурызғалиев, Төлеген Жаңабай, Қабижан Сағиев, Төлеухан Ахметова,  Әнуарбек Қосанұлы, Мақат Хайруллин,  Жолдас Жанқуатов, Шолпан Ұғыбаева, Мереке Құлкенов, Әбілхан Төлеуішев, Бақытжан Нұрқасымов, Бауыржан Бердіғалиев, тағы басқалар әр кезеңде  газеттің тірегі болып, аудан халқының  айнасына айналуына сүбелі үлестерін қосты. Олар қарымды қаламымен оқырман жүрегіне жол тапты.

Кезінде «Қызылқоға» газетін редакторлар ұстаханасы деп те атады. Себебі, осы газетте жұмыс істеген Ізни Нұрқасымов, Теңдік Жауыров, Төлеген Жаңабаев, Мереке Құлкенов, Төлеубай Ысқақов, Жолдығали Бақытов, Шолпан Ұғыбаева, Нұрлан Қабылов, Әбілхан Төлеуішев, Марат Мәжитов облыстық, республикалық басылымдарда бас редактор болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, аталмыш аудан басылымы туралы сөз еткенде, оны аудандық баспаханадан бөліп айту қиын. Кезінде облыстық полиграфия өндірістік бірлестігіне қараған аудандағы №3 баспахана төл басылыммен бірге өркендеді. Мекеменің, әсіресе, 60-шы жылдардың аяғында жұмыс көлемі ұлғая түсті. Әрине, бастапқы жылдары қиыншылықтар көп болды. Бірақ, осы қиындықтан шығуға баспахананың сол кездегі  басшысы болған Өтешов Қайырша көп жұмыс жасады. Сөйтіп, Қызылқоға баспаханасы қабырғасынан мықты мамандар тобы шыңдалып шықты. Әлима Бишекина, Нұрлықыз Беркенова, Дәріжан, Гүлжан Бекхожиналар, Ерсайын Қайыров, Сайлау Жайлыбаева, Шолпан Сұлтанғалиева, тағы басқалардың, сіңірген еңбектері мол болды.

Бұдан кейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев сөз алды.

— Аудандық газет болсын, облыстық газет болсын олардың барлығы  елдің айнасы, елдің көзі мен құлағы болып есептеледі. Қиыншылықтарға төзіп, осы уақытқа дейін қызмет атқарып келген журналистер мен баспагерлерге облыс әкімінің атынан зор рахмет айтамыз. Елбасының саясатын елге дұрыс жеткізіп,  халыққа дұрыс ақпарат беру – газет ұжымының басты міндеті. Сондықтан, бүгін  аудан, облыс үшін маңызды шара жасалып жатыр деп есептеймін. Тойларыңыз тойға ұлассын. Әрдайым атқарушы билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болып, елдің игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз жемісті болсын, —  деген игі тілегін арнады.

Бұдан кейін  «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Төлеген Берішбай құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш газет қызметкері Кәмшат Әбішті  Қазақстан Журналистер Одағы басқармасы  Атырау облыстық филиалының Құрмет грамотасымен, Нұрлықыз Беркенова, Дулат Ғұбайдуллин, Жанат Қожырбаев, Айымгүл Қосыбаеваларды  ҚР Мәдениет және спорт қызметкерлері кәсіподағы Атырау облыстық филиалы төрағасының Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, салтанатты жиналыста жазушы Марат Мәжитов өзінің жүрекжарды тілегін білдірсе, журналист Кенжебек Тұманбайұлы ақ тілегін арнап, аудандық газетке Қазақстан Журналистер Одағы басқармасының құттықтау дипломын табыс етті.  Ал, 60 жылдық мерейтойға  арнайы келген  «Қызылқоға» газетінде қолтаңбалары қалған Әлімбай Жанғазиев, Қабдол Кенжалиев, Төлеубай Ысқақов, Серік Жанғалиев, Әлім Шудабаевтардың ұрпақтары газет ұжымына өздерінің алғыстарын білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті, әке, апаларының өмірінен естеліктер айтты.

Аудан әкімі Мақсот Мұқанов аталған газетте және баспаханада  ұзақ жыл қызмет еткен Нұрлан Қабылов, Әбілхан Төлеуішов, Әмина Бишекина, Ерсайын Қайырова, Гүлфарида Мінетауоваларға аудандық мәслихат хатшысы мен аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасынан аудандық «Қызылқоға» газетінің шежіресінен сыр ақтаратын «Асуы мол алпыс жыл» атты кітап жарық көріп, мерейтойға қатысушыларға таратылды. Сөйтіп, аудан өмірінің айнасына айналған «Қызылқоға» газетінің 60 жылдығына арналған салтанат өзінің рухани мазмұнымен игілікті іс болып қалды. 

Нұрлан ДОСТАНҰЛЫ.
Суреттерді түсірген
Жанат Қожырбаев,
Дулат Ғұбайдуллин.
Қызылқоға ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button