Жарнама
Жаңалықтар

ТАРИХҚА АЙНАЛҒАН АҚША

Белгілі өлкетанушы, Атырау мұнай және газ институтының профессоры Вячеслав Афанасьевтың коллекциясын ескі ақшалар – тиын, теңге, доллар, ресей валютасы, сонымен қатар, облигациялардың бай жиынтығы құрайды. Ол бала кезінде көне Сарайшық қаласынан ескі монеталар мен құмыраларды, ыдыс-аяқтар және әшекейлердің сынықтарын қазып алып, археологиямен әуестеніп өскен болатын. Уақыт өте келе монета жинауға ден қойған. Оның мұрасында көне тиындар өте көп.

Көрмеде Ресейдің «Жинақбанк» өкілдері де өз бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Банк менеджері Альберт Қуанышевтің айтуынша, олар көрмеге Қазақстандық және Польша, Нигерия, Ресей, Белорусь елінің алтын, күміс монеталарын  алып  келген. «Беташар», «Көрімдік», «Құдалық», «Бесікке салу» «Наурыз мейрамы», «Тәуелсіздік күні» деп аталатын сыйлыққа берілетін тамаша тартулар бар.

Бағила  САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button