Жарнама
Жаңалықтар

Тәрбие тал бесіктен басталады

Қазіргі таңда еңбектеген сәбиден, еңкейген қартқа дейін гаджет құралдарына тәуелді екені барлығымызға аян. Таңның атысы да, кештің батысы да телефон бетіне телміре қараумен өтеді. Адамзаттың ойлап тапқан ең үлкен жетістігі де, ең үлкен қателігі де ғаламтор желісі болып отыр.

Бұлай деуіміздің себебі, жас буынға кері әсері.  Үйреншікті, күнделікті көрініс кішкентай бүлдіршіндеріміздің теледидар не смартфон бетіне қарап, тапжылмай отырған бейнесі. Тіпті, кей балалардың тынышталу құралы деп есептесек те болады. Ересектер аса мән беріп, елей бермейтін көздің жауын алатын түрлі-түсті бояулар, әр түрлі бейнедегі кейіпкерлер, таңғажайып ертегі әлеміне енгендей сезім беретін бұл мультфильмдер ішіне қалай еніп кеткенінде байқамай қалады. Ал, кішкентай балаларымыздың сана-сезімі әлі де дұрыс жетілмеген, оның дұниетанымының, болмысының қалыптасуына  аса зор үлес қосар құрал әрине – мультфильм. Бұл құралдың балаға берер тәлім- тәрбиесі қандай? Дәл осы сұрақ жас отбасыларды қаншалықты алаңдатады?

Бұрынғының балалары ата-әжесінің әңгіме-ертегілерін тыңдап өссе, қазіргінің балалары теледидар бетіндегі кейіпкерлерден көргенін жасап өседі. Мультфильмдер ішінде, әрине, алар пайдасы да, үйретер сабағы да, сонымен қатар тигізер зияны да бар. Соның бірі, қазіргі таңда танымал мультфильмдер қатарындағы «Спанч боб» мультсериалы.

Ғалымдар бұл мультфильмге баланың ойлау қабілетін төмендетіп, тежетеді деген баға беріпті. Яғни, баланың психикасын бұзып, қайтып қалпына келмейтіндей әсер береді. Бүгінгі балаларға үлгі болған бұл шығармада басты кейіпкер түрлі дөрекі сөздермен, әзілдерді дәріптейді. Кей қазақша телеарналарда бұл мультфильм қазақ тіліне аударылып, балаларға ұсынылады.

Ал, «Маша мен аю» мульфилімі? Бұл мультфильм көпшлікке таныс. Шығармада аю мейірімді, қорғаушы кейіпінде болса, Маша тентек, аюды мүмкіндігінше қорлайтын кейіпкер ретінде көрсетілген. Мультфильмді көрген бала санасында Машаның жасаған қылықтары, мінез-құлқы үйреншікті, рұқсат етілген формада қалыптасып, өмірде қолданатын болады.

Әрине, егерде баланы теледидар алдына жалғыз қалдырмай, сізде көріп жатқан дүниені бірге қадағалап отырсаңыз, сізге де ұнамайтын басқада тұстары ашылады. Дегенмен, баланы мультфильм қаратпай, біржолата тыйым сала алмайсыз. Сондықтан, қандай жағдай болмасын, дұрыс емес жерлерін көрсетіп, түсіндіріп, үлгі аларлық тұстарын айтып, зиянды жақтарын үлгі ретінде алып, жақсы жағына қарай үйретуіңіз өз қолыңызда.  Себебі, қазақ тіліндегі мультсериалдар қазақ тілін, әдебиетін дәріптейтін таптырмас құрал. Тек өз пайдаңызға асырып, балаңызға дұрыс мультфильм таңдай біліңіз.

Дина Бекғазы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің IX курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button