Жарнама
Жаңалықтар

Танымал журналиске құрмет көрсетілді

Атырау журналистикасының дамуына ұзақ жыл үлес қосқан белгілі журналист, Ақпарат саласының үздігі Лиза Сейтімова мерейлі жастың асқарына шықты. Қашан көрсеңіз де күлімдеп, жан-жағына шуағын шашып жүретін әріптестің мерейлі жасын «Атырау-Ақпарат» ЖШС ұжымы ерекше құрметпен атап өтті.

Кеше ғана ғасыр тойын тойлаған облыстық «Atyraý» қоғамдық-саяси газетінің мерейтойы аясына тұспа-тұс келген айтулы күнде «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов мерейгерді құттықтап, отыз жылдан астам уақыттан бері баспасөз саласында еңбек етіп келе жатқанын атап көрсетті. Ұжымдастар атынан серіктестіктің бас директоры Жасын Біркеновтың құттықтау хатын табыстады.

272f2748 c6e4 471c ab6a ffec50614de6

Сонымен қатар, газеттің қызығы мен шыжығы мол күндерін атыраулық әріптестерімен бірге өткізген Лиза Шайхашқызы облыстық «Atyraý» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталып, медиахолдингтің атынан арнайы сыйақыға ие болды.

a893705b a036 47cc b142 d711ea81aa26

Облыстық «Atyraý» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев жүз жылдықтың аясында ұжым мүшелерінің отбасында да қуанышты жайттардың көп болғанын айтып, мерейгерге редакция атынан ыстық ықыласын жеткізді.

b58ed2b5 ee59 4542 93d8 c283249f32a0

Кездесу соңында ардагер журналист Ермек Биғалиев, «Atyraý» газетінің аға тілшісі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Ақпарат саласының үздігі Дәулетқали Аруев мерейгер мен марапатталған әріптестеріне ізгі тілектерін білдірді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button