
Таңдай қақтырған туындылар (+ФОТО)
Атырауда жергілікті дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің қолдарынан шыққан тамаша туындылардың көрмесі өтті. Іс-шараны облыстық кәсіпкерлер пала-тасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен осыдан бір жарым жыл бұрын құрылған Атырау дизайнерлері қауымдастығы ұйымдастырды.
Шеберлердің бірі Бибінұр Мұратова үшін қолөнер алғашында жай ғана ер-мек болып көрінетін. Кейін қолөнерге деген сұраныс арта түсті. Сол кезде ол сүйікті ісін кәсіпке айналдыруға бет бұрды. Осылайша, 2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысып, білгенін түгендеді, білмегенін үйренді.
– Кәсіп ашу, әрине, оңай ша-руа емес, — дейді ол. — Бірақ, көз – қорқақ, қол – батыр, тәуекелге бел буып, арманға қарай бір қадам алға басу қажет. Егер сүйікті іспен шұғылдансаңыз, ол адамды өзіне тартып, баурап әкетеді. Сондықтан, қорқудың қажеті жоқ. Мен де солай жа-садым. Есесіне, есебім түгел. Тіпті, бизнестен бөлек, тігу мен пішудің қысқа мерзімді оқу курстарын да ұйымдастырып жүрмін. Нәтижесі жаман емес секілді. Өзімнен тәлім алған 30 қыз-келіншек өз саласының үздік шебері атанды.
Көрмеге қала мен аудандар-дан барлығы 15-ке жуық дизайнер мен қолөнерші қатысты. Жұртшылық назарына ұсынылған бұйымдардың ішінде киім, аяқкиім, ұлттық бас киімдер, әшекейлер, қолданбалы өнер туындылары бар. Бұл – мұнайлы мекенде өтіп отырған алғашқы шоу-рум.
– Болашақта жүзеге асуын күтіп тұрған жаңа жобалар да жеткілікті. Көрмеге келушілер екі күн ішінде маңызды мәлімет пен ерекше әсер алды деп есептеймін. Өз ісінің шеберлері бір-бірімен қауышып, жаңа таныстар тапты. Ең бастысы, отандық өнімдерді сатып алу-шылар да болды. Жарқын бас-тама жалғасын табады, — деп сендіреді бүгінде құрамында 40 мүшесі бар Атырау ди-зайнерлер қауымдастығының төрайымы, өңірлік кәсіпкерлік палатасының Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айсұлу Оразбаева.
Амандық АБДОЛ





