Таңдай ауылына ауылішілік жол салу құрылысы басталады

imgl4087 Жаңалықтар

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі Таңдай ауылының тұрғындарымен кездесті.

Алдымен Бақсай ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, кейін ауыл тұрғындарының мәселесін тыңдады. Таңдай ауылында ауылішілік жол салу мәселесі өзекті.

– Бұл көптен көтеріліп келе жатқан мәселе. Қазіргі таңда Таңдай ауылында 6 шақырым жаяу жүргіншілер жолы бар ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары осы жылы басталады. Мердігер мекеме – «ИгілікСтройСервис» ЖШС. Бұл істердің бәрі жергілікті тұрғындардың игілігі үшін салынады. Сондықтан басталған құрылыс жұмыстары сапалы аяқталуы үшін ауыл белсенділері қоғамдық бақылауды күшейтуі қажет. Біз де жауапкершіліктен қашпаймыз, – деді С.Шәпкенов.

imgl4272

Кездесуде тұрғындар таза ауыз сумен қамту, ауылішілік автожолын, балалар ойын алаңын, спорт кешенін және кәріз суын төгетін алаң салу, жұмыспен қамту, ауыл ішіндегі карьерді ауыл сыртына көшіру әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Серік Шәпкенов жиында көтерілген сұрақтар заң шеңберінде кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

imgl4138

Бақсай ауылдық округінде 2 761 адам тұрады. Мұнда 1 мектеп, 1 бөбекжай, 1 дәрігерлік амбулатория және өзге де әлеуметтік нысандар бар.

Серік Шәпкеновтің Бақсай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі Махамбет ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз