Талғайранда 24 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі
Бұл туралы Атырау қалалық Құрылыс бөлімінің мемлекеттік мекемесінің өндірістік-техникалық секторының бас маманы Нұрболат Булеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде Талғайран елді мекеніндегі Спутник қалашығында толықтай магистралдық, алаңнан тыс және алаңішілік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
— Сонымен қатар, Талғайран елді мекеніндегі бесқатарлы 45 пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылысының жалпы құрылысы аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Пәтер саны – 1080. Сондай-ақ тоғыз қатарлы 90 пәтерлі 7 үйдің құрылысы басталды. Жалпы пәтер саны 630. 39 көпқабатты тұрғын үй құрылысы келесі жылы салынады деп күтілуде. Көпқабатты тұрғын үйлерді қамтитын алаңішілік, су, кәріз, газ, электр және байланыс желілері құрылыстары жүріп жатыр. Ұзындығы 9,3 шақырымды құрайтын су көтергіш стансасымен қамтылған магистралды су және 16 шақырымдық кәріз айдау стансасымен қамтылған кәріз құрылыстары жүріп жатыр.
Спутник қалашығын абаттандыру құрылысымен алаңішілік жолдар, балалар ойындары, спорт алаңдар және жаяу жүргіншілер құрылысытары жүргізілуде. Қуаттылығы 110/10 кВ құрайтын ток беру стансасы қүрылысы жүріп жатыр. Оған қоса 14 шақырымды құрайтын байланыс желісі құрылысы да қатар жүргізілуде. Береке ауылында 53 көшенің электр желілерін көше жарығымен қоса толықтай құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Зарослый елді мекенінде 31 көшеге электр және көше жарығы желілерін қайта жаңарту құрылысы жүріп жатыр. Ал, Әбілхайыр хан даңғылы 74 Б, 74 В және 74 Г мекенжайында сатыға бөліне магистралдық, алаңнан тыс, алаңішілік су, кәріз, газ, байланыс, абаттандыру және жылу желілері инженерлік-коммуникалиялары құрылысы жүргізілуде, — деді Н.Булеков.
Оның айтуынша, сондай-ақ биыл Қайнар елді мекені, Жұлдыз, Зарослый, Тасқала, Ақсай ықшам аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстары басталады. Осы бағытта жобалық-сметалық құжаты дайын, сараптаманың оң қортындысы алынды, енді қаражаты қарастырылу үстінде.