Жарнама
Жаңалықтар

Талдыкөлдегі ахуал бірқалыпты

Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеп жатқандығына қарамастан Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында бөгет және кірмежол бойындағы жағдай күнделікті бақылауда тұр, — деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб.

Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашевтің
хабарлауынша, жағдай тұрақтанды деп айтуға әлі ерте.

-Қазіргі уақытта ахуал бақылауда. Бірақ, жағдай тұрақтанды деп айта алмаймыз. Жайық өзені өз арнасына қайтқан уақытта ғана ахуалдың тұрақтылығы туралы айтуға болады, — деді спикер.

Еске сала кетсек, су басу қаупіне байланысты Талдыкөл тұрғындары эвакуацияланған болатын.

«Талдыкөл ауылында тасқынға қарсы шаралар наурыз айында басталды.
Жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын бөгет салынды. Жаға бекіту жұмыстарына бастапқыда 5000 қапшық қолданылған болатын. Судың қатты екпіні қапшықтарды шайып кетті.  Сондықтан, бөгет нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Ауыл тұрғындары облыс, аудан әкімдігімен бірлесіп, тегершіктер әкеліп орнатты. Бұл амал қауіпті учаскелердегі су толқынын азайтуға ықпал етті» деді Бейбарыс селолық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашев.

Талдыкөл ауылында бөгет орнату, тасқынмен күрес шараларына 600-ге жуық әскери, ТЖМ, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер және 50-ге тарта техника тартылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button