Жарнама
Жаңалықтар

Талдыкөлде тұрғындарды эвакуациялау басталды

Өр суы Махамбет ауданының Талдыкөл ауылына кіреберіс жолға шығып, жол учаскесін басу қаупі төніп тұр. Мәселеге байланысты ауыл тұрғындарын алдын ала эвакуациялау басталды. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Бірінші кезекте эвакуацияланатын тұрғындар санатына жүкті әйелдер, балалар мен қарттар жатады. Ауыр науқастар облыстық денсаулық сақтау басқармасы әзірлеген алгоритм бойынша эвакуацияланады.
Тұрғындар үшін Атырау қаласындағы APEC жоғары колледжінде және «Dana» қонақ үйінде эвакуациялық пункттер дайындалды.

Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, қазір су Талдыкөл ауылына кіретін жолдың екі бөлігін де шайып жатыр. Қорғаныс бөгеттерін нығайту және суды өткізу үшін құбырларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

-Біз ауылдың айналасындағы бөгеттер суды ұстап, елді мекенге қатер төнбейтініне сенімдіміз. Алайда, Талдыкөл ауылына апаратын жол қауіп туғызып тұр, біз тұрғындардың облыс орталығынан бөлініп қалуына жол бермеуіміз керек, — деді Қайрат Нұрлыбаев.

Айта кетейік, Талдыкөл ауылында 1,5 мыңға жуық тұрғын тұрады. Ауылға кіреберіс жолдың ұзындығы 7 шақырымды құрайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button