Жарнама
Жаңалықтар

ТАЛАП ТА, ТӘРТІП ТЕ КЕРЕК

 

Аймаққа жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар комитетінің өкілдері  өткен сенбі күні облыстық әкімдікте жиын өткізіп, жергілікті кәсіпкерлерді жобамен таныстырып, толығырақ жан-жақты түсіндірді. Бизнесмендер кедендік одақ аясындағы сауалдарына жауап алды. 

Сертификаттаумен айналысатын мекеме өкілдерінің айтуына қарағанда, жаңа зертханалар жүйесін құруда қиыншылықтар көптеп кездеседі екен. Мәселен, Мәскеуде оған 20 мың евро қаражат жұмсалса, бізде 2 млн. евродан бір-ақ шығады екен. Яғни, бұл мәселені тереңірек талдау қажет. 

Белгілі болғандай, сертификаттауға қатысты жағдай әртүрлі. Мысалы, бұл мақсатта комитетке 500-600 мәлімдеме келіп түскенмен, мүлде сертификат алмағандар да кездеседі екен. 

Жиында «Аджип ҚКО» компаниясының бас метрологы Ризабек Жұмабаев техникалық регламент бойынша министрлік мамандары мен облыстық әкімдікке арнайы хат жолдап отырғандығын жеткізді. «Әрине, техникалық регламентты қайта қарағанын қолдаймыз. Тәжірибе көрсеткендей, эталондық база көмегіне жүгінуге Алматы мен Астанаға хабарласуға тура келеді. Жергілікті мекемелер шынайы талаптарға сәйкес келмейді», — деген ол Қазақстанның батыс аймағы шығындарды өлшейтін эталондық базаны қажетсінетінін атап көрсетті. Компанияның бас метрологы салаға қатысты тағы да бірқатар проблемалық жайларды ортаға салды. 

Айбөпе САБЫРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button