ТАЛАП – ҮШ ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРУ

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Шолпан Есімова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте: «Мемлекеттің, ҚР Президентінің саясаты және қолданыстағы үштілділік бағдарламасы қазірдің өзінде мемлекеттік қызметшіге толыққанды үш тілді жетік меңгеруіне мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді.

 

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда қызмет ететін шетелде білім алған азаматтардың қатары көп екендігін атап өтті.

«Біз министрліктерде «Болашақ» бағдарламасымен немесе басқа да білім беру бағдарламалары арқылы шетелде білім алғандардың қатары көп екендігін білеміз. Олардың бірқатары мемлекеттік қызметте жұмыс істеуде. Біздер көптеген шетелдік сапарларымызды аудармашылардың көмегінсіз жүзеге асыратындығымыз қуантады», – деді ол. Оның атап өтуінше, мемлекеттік қызметшінің үш тілді еркін меңгеруі жұмысты жақсартып, уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз