Жарнама
Жаңалықтар

Такси жүргізушілері жылдамдықты асырғаны үшін жұмыстан шеттетіледі

Жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер InDrive
және Яндекс Go-мен жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды TengeLife ақпараттық ресурсы.

Аталған шараларды республика Көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асыру көзделіп отыр.

Осылайша, қосымшаны пайдаланушы адамның берген бағасы мен жалпы
рейтингке сүйене отырып, жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер жолаушылардан келіп түскен тапсырыстарды орындаудан уақытша немесе мүлдем шеттетілуі мүмкін.

Сондай-ақ көлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігі жөнінде және қауіпсіздік белдіктеріне қатысты хабарламалар келіп тұратын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button