Такси тасымалдаушысы ретінде тіркелмегені үшін 41 670 теңге айыппұл арқалады

28 1024x384 1 Жаңалықтар

Атыраулық азамат заңсыз жолаушы тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен білгеніміздей, Құрманғазы аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463- бабының 1-бөлігі бойынша азамат К.А. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К.А. Құрманғазы ауданында Ақтөбе-Астрахань тас жолы Күйген ауылы тұсында жолаушыны такси тасымалдаушысы ретінде қызметін жергілікті мемлекеттік кіріс басқармасында тіркемей, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы К.А. аталған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып 41 670 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз