Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

ЭКСКЛЮЗИВ: Атыраулық тарихшы ғалым ашылмай келген ақиқатты айтып берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын тебіреніспен оқымаған қазақ кемдекем шығар. Онда мемлекет басшысы көпшіліктің көкейіндегі тарих, жер, тіл мен діл мәселесін көтеріп, өткеннің ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмегенін айтты. Бір ғана Атырау өлкесінің өзі қаншама сырды бүгіп жатыр десеңізші…

Біздің кейіпкеріміз шаң басқан архив беттерін көз майын тауысқанша тектен-текке ақтарып жүрген жоқ. Титтей де болса, тарихи шындыққа қол жеткізсем деп тырмысып жүрген жанның бірі. Былтыр өзге жұрт жан баққан шақта, оның Алматы архивтеріне сапары да ақиқат үшін аянып қалмайтын ұлтжанды азамат екенін аңғартса керек. Сол сапардан ол Гурьев мемлекеттік оқытушылар институтының (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) құрылған жылын анықтап қайтты. Ол – тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали АХМЕТ.

Жылдан жаңылған кім?

– Аққали Қабижанұлы, бұл дерекке қалай қол жеткіздіңіз? Өйткені, сол қорларды Сізге дейін де біраз адам парақтап өтті ғой…

– Бүгінде көпшілік арасында «бұл білім ордасы бастауын 1950 жылдан алған» деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Оған дәлел – оқу орнының 40 жылдығы – 1990 жылы, 2000 жылы – 50 жыл, 2005 жылы – 55 жылдығы, 60 жылдығы – 2010 жылы аталып өткендігі. Оның өзіндік себебі де бар. 1990 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының 40 жылдығын атап өтер тұста, Қазақ КСР Орталық мемлекеттік архивіне ректорат тарапынан арнайы хат жолданып, жоғары оқу орнының тарихына қатысты 1940 жылғы құжаттар сұрастырылған. Өкінішке орай, «Орталық архивте аталған жылдары институтқа қатысты ешқандай құжаттар жоқ» деген жауап келіпті. Кейін өзім «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аймақтың білімін, мәдениетін және қоғамын дамытудағы үлесі» атты ғылыми-зерттеу еңбегімді жазу барысында Алматыға іссапарға барғанда көптеген тың деректер таптым. Сөйтсем де, Алматы архивтерінен дәл осы құжаттар табылатынына толық сенген жоқпын. Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы О р т а л ы қ м е м л е к е т т і к ж ә н е Қазақстан Республикасы Президенті архивтері қорларындағы құжаттарда университеттің өз бастауын 1940 жылдан алатындығына назар аударсақ, былтыр 80 жыл толғандығына нақты көз жеткіземіз. . . . 1 9 3 8 ж ы л ғ ы 1 5 қ а ң т а рд а құрылған Гурьев облысының сол аттас орталығында Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесі мен Қазақ КСР Халық ағарту Халық комиссариатының бекіткен мамандықтары бойынша І курсқа 120 студент қабылдау туралы қаулысын басшылыққа алған еңбекшілер депутаттары Гурьев облыстық Кеңесінің атқару комитеті «1940 жылдың 1 қыркүйегінде екіжылдық мұғалімдер институтын ашу туралы» сол жылғы 20 мамырда №13 шешім шығарған. Шешімге облатком төрағасы Құбаш Тастайбеков пен хатшының уақытша міндетін атқарушы Нестеров қол қойған. Осы шешімнің негізінде жаңадан ашылатын мұғалімдер институтына қаладағы педагогикалық училищенің оқу ғимаратын, ал аталған училищеге бұрынғы В.И.Ленин атындағы бастауыш орта мектептің ғимаратын беруді және 120 студентке арналған жатақхана ғимаратын қарастыру Гурьев облыстық атқару комитетіне жүктеліпті. Сондай-ақ, Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесіне 1941 жылдың жоспарына институтқа жаңа оқу корпусын және 500 орындық студенттер жатақханасын салуды енгізу жөнінде өтініш білдірді. Институт тарапынан берген сұранысқа сай «Қазақ Кітап» орталығының директоры Алексеевке институттың кітапханасын қажеті оқу құралдарымен қамтамасыз ету міндеттеліпті.

– Сол жылдары институттың мекен-жайы белгілі ме, ғимарат қай жерде орналасқан?

– Әрине, белгілі. Архив құжаттарында институттың мекен-жайы тайға таңба басқандай көрсетілген. Жайық өзеніне жақын Москва көшесі, №1 үй. Сәйкестік деп осындайды айтатын шығар. Қазір бұл көше университет атын иемденген алаштың ардақты ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Халел Досмұхамедов есімімен аталады. Іздеп барып көрдім. Өкініштісі сол, осыдан үш-төрт жыл бұрын екі қатарлы ғимарат болған екен. Қазір қиратылып, тек жертөлесі ғана сақталып қалыпты. Университетте 1959 жылдан бері ұстаздық етіп, құрметті еңбек демалысына шыққан, ұзақ жыл бойы тарих-филология факультетінің деканы қызметін абыроймен атқарған «Құрмет» орденінің иегері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Жиенбай Бақи әрдайым жақсылықтың жаршысы болып жүретін, сол ниетпен университеттің музейін де тұңғыш ұйымдастырды. Жетпісінші жылдардың аяқ шенінде Жайықтың жағасындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ескі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ашылу салтанатына ағамыз да қатысқан екен. Сонда өзі куә болған әңгімесін ұстаз былайша өрбітеді: «Бұл шараға қатысқан обкомның бірінші хатшысы О.Көшеков және жоғарыда есімі аталатын, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшысы Б.Саппаевтың өзара әңгімесіне куә болған едім. Мұражайда жасақталған экспонаттарды аралап келе жатқан олар Гурьев педагогика институты туралы жасақталған мәліметтерге назар аударды. Б.Саппаев ағамыз «Бұл қалайша екен? Институттың бастауы сонау 1940 жылдан алынуы керек еді. Ал, мұндағы мәлімет 1950 жылдан басталады екен. Мұражай қызметкерлері білмеді ме екен?» деп пікір айтты. Сол тұста институттың Ленин орденді ұстазы Сабыр Қазыбаев та осындай пікір білдіруші еді, өкінішке орай уақытында жазып алмаппыз» дейді.

30 адам оқуға түсе алмаған

– С і з қ а р а ғ а н қ о р л а р д а студенттерді қабылдау, оқу орнының кадрлары туралы құжаттар кездесті ме?

– Институт директорының есебінде 1940-1941 оқу жылында студенттер контингенті 120 с туд е н т б ол ы п жоспарланған. Оның 60-ы тарих, қалған 60 студент – тіл және әдебиет факультетіне оқуға қабылдануға тиісті болды. Есеп бойынша институтқа түсуге 152 талапкерден арыз түсіп, соның 122-сі оқуға қабылданған. Гурьев мемлекеттік мұғалімдер институтының алғашқы директорының Қазақ КСР Халық ағарту Комиссариатына 1940 жылдың 4 қыркүйегінде жолдаған жеделхатында (телеграмма): «Екінші қыркүйектегі сабаққа 122 адам қатысты. Сабақтың болмай қалуы, кешігу болған жоқ. Тұрсынбаев.» деп көрсетілген. Бұл жеделхат архивтің №1692 Қазақ КСР Оқу ағарту министрлігі қорының №353 ісінде сақтаулы. Ал, кадр мәс еле сі негізінен ішкі Ресей қалаларындағы мамандар арқылы шешіліпті. Ленинград қаласынан келген доцент В.В.Прусс – тарих кафедрасының меңгерушісі, әрі «КСРО тарихы» пәнінен сабақ берген. Ол кезінде Ленинград мемлекеттік университетінде профессор міндетін атқарушы және Сталин атындағы өнеркәсіп академиясында дәріс оқыған екен. 1934 жылы Ленинград философия, тарих және әдебиет институтының тарих факультетін бітірген Шкляр ежелгі, орта ғасыр және қазіргі заман тарихынан дәріс оқыды. «Тіл және әдебиет» кафедрасында облыстық білім беру органдарының келісімімен қаладағы В.И.Ленин атындағы мектептің директоры, білім саласында 12 жылдық іс-тәжірбиесі бар Гусева орыс тілі мен әдебиеті пәнінен, ал қазақ тілі және әдебиеті пәнінен педагогикалық училищенің оқытушысы Малаев сабақ берді. Ол да институты үздік бітірген, білім саласында 5 жыл жұмыс өтілі бар маман болатын. Сондай-ақ, аталған кафедрада сол жылы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген Биляев «Тілге кіріспе» пәнін жүргізген. Педагогика кафедрасы бойынша Иванова, 19 жыл еңбек өтілі бар Е.Петровалар жұмыс жасады. Әскери дайындық пәнін облыстық партия комитетінің ықпалымен облыстық әскери комиссариаттан бөлінген жоғары білімді лейтенант С.Н.Сикорский жүргізді. Ал, марксизм-ленинизм негіздері пәнінен институт директоры Ә.Б.Тұрсынбаев сабақ берген.

Екі рет ашылған институт

– А қ қ а л и Қ а б и ж а н ұ л ы , байқауымызша, Сіз айтып отырған архивтік мәліметтер бұрын-соңды жарияланбаған тың деректер сияқты ғой?

– Мұндай құжаттар жеткілікті. Мысалы, архивтегі деректер бойынша Гурьев мұғалімдер институтына студенттерді 1941-1942 оқу жылында да қабылдау жоспарланған. Оны Қазақ КСР Халық ағарту Комиссары М.Әбдіхалықов бекіткен. Бірақ, 1941 жылдың 22 маусымда неміс басқыншыларының тұтқиылдан соғыс ашуына байланысты институт Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің 1941 жылдың 9 тамызындағы №672 қаулысы негізінде Орал мұғалімдер институтына қосылып кетеді. Бұл деректер республикалық Орталық мемлекеттік архивте де, Атырау облыстық мемлекеттік архивінің қорында да сақталған. Институттың оқу ғимараттары, кітапханасы және мүліктері Гурьев п е д а г о г и к а л ы қ у ч и л и щ е с і н і ң балансына берілгені жөніндегі қаулыға Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары П.Орехов пен Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесі Іс басқармасының меңгерушісі Н.Күзембаев қол қойған. Соған сәйкес студенттер де Оралдағы институтқа ауысады. Архивте ол туралы деректер де бар, соғыс жағдайындағы Батыс Қазақстан және Гурьев облыстарында халыққа білім беру органдары жұмыстарын қайта құру жөніндегі баяндамада Гурьев мұғалімдер институтынан Оралдағы жоғары оқу орнына студенттер келіп қабылданғаны атап көрсетілген. Тек сұрапыл соғыс аяқталып, е л с о ғ ы с т а н қ и р а ғ а н х а л ы қ шаруашылығын қалпына келтіре бастаған 1950 жылы ғана Гурьев мұғалімдер институты республика Үкіметінің шешімімен қайта ашылды. О с ы б ұ л т а р т п а с д е р е к т е р г е сүйене отырып, Атырау өлкесіндегі жоғары білім беру, ғылым мен тәрбие саласындағы тұңғыш жоғары оқу орыны, облыстың қоғамдық-саяси өмірінде де айрықша қолтаңбасы бар альма матер – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті өзінің тарихи бастауын 1940 жылдан алатынын нық сеніммен айта аламыз.

– Өлке тарихын тың деректермен толықтырып, жаңа мәліметтермен байытқаныңыз үшін ел-жұрт Сізге дән риза. Сұхбатыңызға бек рахмет!

Сұхбаттасқан: Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button