Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Такси бағасы бұғаулана ма?..

Соңғы кезде облыс орталығы мен шалғай ауылдар арасына қатынайтын такси қызметінің құны шарықтап кетті. Мәселен, Махамбет ауданы мен Атырау қаласының арасы 1300 теңге, ал, ауылішілік қатынас 150 теңгеге өсті.

taxi-122

Бұл мен секілді жалғызілікті  аналар мен басқа да күнкөрісі нашар жандар үшін қымбат… Айтайтын дегенім, такси бағасына неге бақылау жоқ? Егер жүргізушілер ойына келген бәсін қойса, айлығын шайлығына жеткізе алмай жүргендер керек жеріне қалай жетеді?

Екінші мәселе: сол жеке көлік жүргізушілері тұрғындарды тасымалдаудан тапқан пайдасынан мемлекетке салық төлей ме  екен? Ал, егер төлеген жағдайда, халықтың әлеуметтік осал топтарына неге жеңілдік жасалмайды? Міне, осы мәселелерге орай, жауапты орындар тиісті шаралар алса жөн болар еді.

 Маруся молдағалиева,

жалғызілікті ана.

Махамбет ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button