ШҰҒЫЛ!!! Атыраудағы карантиндік шараларға қатысты жаңа Қаулы шықты (толық мәтін)

40a2ffe9b92c081fffb5d9a38eb53f76 800x450 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Атырау облысындағы шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 ақпандағы №3 қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 ақпандағы №3 «Атырау облысындағы шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 5 тармақ, 5.4.1 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени                  іс-шараларды, көрермендері болатын спорттық іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

2) 5 тармақ, 5.4.3 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» телеграмм-ботпен брондау арқылы сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмысын ұйымдастыру;

3) 5 тармақ, 5.4.5 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– балалар түзету (коррекция) кабинеттері, балаларға білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) алдын  ала жазылу бойынша штаттық режимде;

4) 5 тармақ, 5.4.6 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы кезекші сыныптар (бала саны 25 баладан аспайды)

5) 5 тармақ, 5.4.10 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін, қатаң түрде әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуын объект сыйымдылығының 30% – нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес, ашық және жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың  штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат ету;

6) 5 тармақ, 5.4.11 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері толтырылуын объект сыйымдылығының 30% – нан асырмай,                      1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін, қатаң түрде әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат ету;

7) 5 тармақ, 5.4.15 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– СПА орталықтары, бассейндер күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін, қатаң түрде әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

8) 5 тармақ, 5.4.17 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– 2021 жылдың 9 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық сыныптарын, 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25 баладан аспайтын бала санымен аралас форматта оқытуға рұқсат етілсін;

9) 5 тармақ, 5.4.18 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етілсін;

10) 5 тармақ, 5.4.19 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– оқу бітіретін сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар)  аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70% – ы штаттық режимде, 30% – ын қашықтан оқытуға рұқсат етілсін (сыныпта 15 адамнан артық емес, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, санитариялық – дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін сақтау);

11) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың) қызметіне рұқсат беріледі;

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  Г.А.Ирбатыроваға жүктеймін.

10. Осы қаулы 2021 жылғы 9 наурызда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

М.Танауов

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігері                               

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз