ТАҒЫ ДА ТӨЗІМДІЛІК ТАНЫТТЫҚ
Atr.kz/14 тамыз, 2020 жыл. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен елімізде енгізілген карантин тамыз айының 17-інен бастап алынып тасталатын болды. Қаншалықты қиын болса да, қауіпсіздігіміз бен денсаулығымыңды сақтап қалу мақсатында алынған бұл шараны да халқымыз түсіністікпен қабылдап, сабыр мен төзімділік танытты.
Əрине, көптеген отандастарымыз қатерлі індеттің қармағына ілініп, ажал құшты. Олардың арасында адам өміріне араша тұрып, коронавирус инфекциясымен күрестің алғы шебінде жүрген ақ халаттылар, қоғамдық тәртіп сақшылары, əрдайым оқиға ортасынан табылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, басқа да сала мен мамандықтың иелері бар.
Енді міне сəл де болса қауіп сейіліп, жаһанды жайнаған індеттің беті қайтты. Мұның бəрі бірлесе жүргізілген жұмыстың нəтижесі. Əйтсе де бұл бəрі осымен бітті, басылды, ешқандай қорқыныш жоқ дегенді білдірмейді. Əлі де сақтық шаралары мен санитарлық талап пен ережені қатаң сақтауы мыз керек. Айтылған ескерпелерге құлақ асқанымыз жөн. Тек сонда ғана орын алған өкінішті жағдайдың қайталануына жол бермей, алдын аларымыз анық. Тегінде «сақтансаң сақтармын» деген халық даналығы осыны меңзесе керек-ті.
Қадим Оңғарсынов,
ардагер ұстаз, Атырау қаласының Құрметті азаматы