Қасым-Жомарт Тоқаев: Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс

bf41e7f3 b85a 4a7d a4fb c9d3faa6ac99 Жаңалықтар

Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. 

ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды. 

«Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді. Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс», – деді Президент.

ҚазАқпарат. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз