Жаңалықтар
ТАҒАЙЫНДАУ
Жұмыров Аманбек Қабдешұлы 1964 жылы туған. Дәрігер-педиатр, экономика бакалавры. Ақтөбенің мемлекеттік медицина институтын, Атырау мұнай және газ институтын бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Гурьев облыстық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастаған. Кейін, 1988-2001 жылдары қалалық, облыстық балалар ауруханаларында дәрігер-хирург болып еңбек еткен.
2001 – 2006 жылдары Махамбет аудандық орталық ауруханасын, 2006 – 2010 жылдары Махамбет аудандық емханасын басқарды.
2010 жылғы қаңтардан бастап №2 қалалық емхананың бас дәрігері.