Жарнама
Жаңалықтар

ТҰЗ КЕНІШІНІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

Зауыттың ашылу рәсімінде аудан әкімі Серік Арыстан барша жұртты осынау қуанышты күндерімен құттықтады. Елбасының халықтың әл-ауқатын жақсартып, ел экономикасын көтеруге бағытталған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан зауыт болашағынан зор үміт күттіретінін, облыс экономикасы үшін ол табыс көзіне айналатынын айтып, серіктестік жұмысына сәттілік тіледі. Ашылу рәсіміне қатынасқан аға буын өкілдерінің арасынан белгілі қоғам қайраткері Илья Жақанов, Қазақстанның Құрметті журналисі Ерсайын Көшек, Алматыдан жоғары оқу орнын бітіріп келген жас маман Нұрсұлтан Мұқанов игі тілектерін айтты.
Одан әрі аудан басшысы Серік Бисешұлы пультті басып, зауытты іске қосқан соң «Тұз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әбиірбек Тоқтыбаев зауыт тынысымен таныстырды. Оның айтуынша, бұл жоба 2011 жылы «Өңірлік үйлестіру» кеңесіне ұсынылып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруға мақұлданып, гипохлорит натрий өндіру зауытының құрылысына «AziaCreditBank» банкінен 290 млн. 300 мың теңге несие берілген. Ресейлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген зауытта жұмыс жасайтындардың дені – дендерліктер.
Серіктестік директорының айтуынша, негізінен тәжірибеде су мен тұзды араластырып, екеуінің ерітіндісінен ПИЖМ-565414.002 аппараты арқылы гипохлорит натрий алынады. Зауыт жеті ваннадан тұрады. Тәулігіне 100 текше метр суды тазалап, натрий гипохлоридін шығарады. Жалпы, бұнда су залалсыздандырылады, дезинфекцияланады.
Тұрмыстық заттарды ағартқыш (белизна) көктемде шығарылмақ екен. Сонда алты-жеті өнім түрі өндірілмек бұл зауытта.
Қазірдің өзінде сұраныс түсе бастапты. Міне, осылайша жаңа жыл қарсаңында «Қазақстанда жасалған» отандық өнім тұтынушыларға жол тартты.

Сүйеу ХАЛЫҚОВ.
Индер ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button