Жарнама
Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІНЕ – СЕРГЕКТІКПЕН

І топ мүгедегі Ұлан Төлетаев компьютерлік қызмет көрсететін жеке ісін бастау үшін өзі тұратын Нұрсая ықшамауданындағы көп қабатты үйлердің бірінші қабатынан орын бөлуді сұрайды.
Тұрғынның уәжін тыңдаған Атырау қаласы әкімі Серік Айдарбеков қазіргі уақытта Нұрсая ықшамауданындағы сегіз көпқабатты үйдің астындағы бос орынжайлар құрылысты жүргізген мердігердің меншігінде екенін айтып, аталмыш орындарды мемлекет меншігіне қайтаруға жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Орынжайлар мемлекет меншігіне алынған соң 50 пайыз жеңілдікпен жалға бере аламыз, — деп қуантты.
Ал, Әйтеке би көшесі, 21 үй тұрғыны Лариса Алексеева тұрып жатқан үйлерінің апатты жағдайда екенін айтып, көмек сұрайды. Өз кезегінде Серік Кенғанұлы апатты жағдайдағы бұл үйдің ағымдағы жылы құлатылатын үйлердің тізімінде екенін, қыркүйек-қазан айларында бұл мәселенің де шешімін табатынын жеткізді.
Зейнеткер Бағыт Өтеғалиева жер мәселесін алға тартады. Оның айтуынша, Қайыршақты селолық округі әкімінің шешімімен Жұлдыз ықшамауданындағы №49 көше, №43 учаскесі екі жылға жалға берілген. Дегенмен, алған жер телімін игере алмаған соң жағдайы ескеріліп, жалға алу мерзімі тағы бір жылға ұзартылған. Қабылдауға келген көп балалы ана үй салуға жағдайының жоқтығын айтып, бір жылға ұзартып, баспана тұрғызуға көмек сұрайды. Тұрғынның тілегін жерге тастамаған шаһар басшысы заңға сәйкес бар мүмкіншілікті қарастыратынын айтты.
Келесі боп қоғамдық қабылдауға келген Күләш Маженова 2001 жылы пәтер кезегіне тіркелген. Бүгінде кезек саны – 220 болып жақындағанын айтқан қала әкімі Серік Айдарбеков жыл соңына дейін кезегінің келетінін жеткізді.
Қабылдауға келген өзге де азаматтардың тілектерін тыңдаған қала әкімі тиісті жауаптарын беріп, кеңестерін де айтты.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button