«Несие «қамытын» кигендер көбейді»

by5tyufg Жаңалықтар

Egemen.kz сайтында осындай материал жарық көрген (https://egemen.kz/article/303319-nesie-qamytyn-kigender-kobeydi).

Мақала: «Қазақстанда несиеге «байланған» адам көп», – деп басталады. Бұл – эмоцияға әсер етуді көздейтін сөйлем. Мақала авторы: «Ұлттық банк жүргізген сауалнама нәтижесі экономикалық белсенді немесе кішігірім қызметте жүрген азаматтардың 90 пайызы айлық пен айлықтың арасында күн көретінін көрсеткен», – дей келе, «қазір жұртшылықтың қарызсыз өмір сүруі барынша шектелген» деген тұжырым жасайды. Бұл жерде манипуляция белгісі бар. Себебі, Ұлттық банк жүргізген сауалнама қашан жасалғаны, оған қанша адам қатысқаны, олардың кім екені, жасы, жынысы, тұрғылықты жері туралы ақпарат жоқ.

Бұған қоса, мақалада несие алуға қатысты нақты мерзім көрсетілмеген. Нақты мерзімі көрсетілмегендіктен, түсініксіз. Қаржы нарығын қадағалау және дамыту агенттігі де несие алу көлемінің артқанын көрсетеді. Бірақ, онда нақты мерзімі көрсетілген. Мысалы, биылғы жылдың 8 айында тұтыну қарызы 23,8%-ға артқан дейді.
Мемлекеттік несие бюросы тұтыну несиесін алатындар негізінен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында екенін айтады. Ал egemen.kz сайтындағы мақалада бұл туралы да айтылмауы мақалада магипуляция белгісі көп екенін көрсетеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз