Жарнама
Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІНЕ – СЕРГЕК КӨЗҚАРАС

 

Жиырма жыл бойына мүгедектер арбасына таңылған ол өзін күтіп отырған қызы Асылайдың сүйікті ісімен айналысуына жағдай жасағанды қалайды. Өзіне бөлінген жер телімін жекешелендіріп, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында несие алып, шаштараз кәсібімен айналысуды көздеген Фердаусидің мәселесін шаһар басшысы бірден құптады.

Әдеттегідей қабылдауға келген азаматтардың дені баспана, жер телімі мәселелерін көтерді. Қаладағы Гагарин көшесінде орналасқан жатақхана апатты күйде екенін айта келген тұрғындар үй айналасындағы санитарлық жағдай сын көтермейтінін, ащы суға сылқия тойып масайрап жүретін адамдардың көптігінен қауіпсіздік те алаңдатып отырғанын жасырмады. Бұдан хабардар болған қала басшысы дереу құзырлы органдарымен хабарласып, жағдайды реттеуді тапсырды.

«Бүгінде баспаналары апатты күйдегі тұрғындарға арналған 240 пәтерлі көпқабатты үй бой көтеруде. Құрылыс жұмыстары аяқталысымен пайдалануға берілетін болады. Және үй берілу кезегі қатаң қадағаланады», — деп қала әкімі азаматтарды толғандырған  мәселенің ұзаққа созылмай шешімін табатынын айтты.

Ал, Нұрсая ықшамауданының тұрғыны Гүлнәр Жалғасованы мазалаған мәселе мүлде бөлек. Сәуір айында су жаңа үйге қол жеткізген ол әлі күнге дейін табиғи газдың берілмегенін айтып шағымданды. Гүлнәрдің мәселесіне де бейжай қарамаған қала басшысы лезде шара қолданып, тұрғындардың  «көгілдір отынға» бір-екі күн ішінде қол жеткізетінін мәлімдеді.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button