ЖаңалықтарҚоғам
«Түнгі студия» бағдарламасын атыраулық актер жүргізетін болды
«Түнгі студия» бағдарламасын кімнің жүргізетіні белгілі болды. Енді Нұрлан Қоянбаевтың орнына бұл бағдарламаны атыраулық Қайрат Әділгерей жүргізеді.
Бұл туралы Qazaqstan телекорпорациясының төрағасы Ерлан Қарин көктемгі маусымның таныстырылымында айтты. Айта кетейік, Қайрат Әділгерей «Базар жоқ алаңы» мен «Әзіл әлемі» жобаларына қатысқан. Сондай-ақ, ол «Сенбілік шоу» бағдарламасында жүргізуші болып, Нұрлан Қоянбаев, Айдос Сарым және де Жандарбек Булгаковпен жұмыс істеген болатын.
Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасынан кеткені хабарланған болатын.
Хорлан Смадияр