ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ТИІМДІ

«Қазақтелеком» АҚ Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясы  жүзеге асырған «Әмбебап монтер» пилоттық жобасы өз нәтижесін берді. Бұл өңір байланысшылары бас қосқан есепті мәжіліс барысында белгілі болды.

Жаңа қызметтерді енгізу, байланыс желісін талшықты-оптикалық желіге көшіру, қызметкерлер санын оңтайландыру мыс сыммен де, талшықты-оптикалық желімен де жұмыс істей алатын кең профильді жаңа форматтағы мамандарды қажет етеді. Бұл жоба қорытындысында желі сапасының көрсеткіштерін жақсартуға, жұмыс тиімділігін  арттыруға және бұзылымдарды қалпына келтіру уақытының қысқаруына, бір келгенде-ақ, маманның қызметтер топтамасын қосуына, жөндеу бюросына шағымдардың бірнеше рет түсу жағдайын азайтуға мүмкіндік берді. Биыл бұл жоба бойынша жүргізілетін жұмыс одан әрі қарай жалғасатын болады.

«Қазақтелеком» АҚ кешенді жоспарларының бірі LTE (4G) желісін тарту болып табылады. Соңғы мәліметке сәйкес, 4G желісімен Атырау қаласы мен төрт аудан орталығы қамтылып, «Алтел» АҚ LTE 73 базалық стансасы орнатылған. Былтырдан бастап Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясы «Әмбебап нөмір» тұжырымдамасы бойынша бекітілген және байланыс қызметтерінің бірыңғай топтамасын сатуға кірісті, ол бір сим-картаға қалалық және ұялы нөмірді, сонымен бірге, жоғары жылдамдықтағы интернетті біріктіреді. Биыл 1068 әмбебап нөмір қосылды. 

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз