Жарнама
Жаңалықтар

Сырлы әлем саңлағы

Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейінде ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Мұхит Қалымовтың 90 жылдығына орай екі апталық еске алу көрмесі ашылды. Көрменің ашылу рәсіміне Алматыдан келген суретшінің жұбайы Лиза Қалымова, шәкірттері мен әріптестері қатысты.

Сонымен қатар Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев, ҚР Суретшілер Одағының облыстық филиалының төрағасы Айса Отаралиев, мәдениет пен өнердің майталманы Гүлмаржан Махамбет автордың алтын қордағы туындыларын тамашалады.

Шарада өнер зерттеушісі, композитор-жазушы Илья Жақанов:

-«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейді дана халқымыз. Мұхит Қалымұлы жарық жұлдыздай отандық бейнелеу өнерінің шыңына ізін қалдырды. Әр туындысынан туған жердің тарихын, мың мағынаны, қазақы тұрмыс-тіршілікті айқын аңғаруға болады. Иә, саналы ғұмырын бейнелеу өнерін дәріптеуге арнаған жерлесіміз Мұхит Қалымұлының ұлы өнерін халқы да еш ұмытпасы анық, — деді.

щhz

Суретшінің жұбайы Лиза Ибатоллақызы оның ерекше талантына тоқталды.

-Мұхаңның өмірі шығармашылық ізденістер мен бастамаларға толы болды. Ол рухани қазынаны қылқалам өнерімен аманаттады. Өзі арамызда болмаса да оның шығармашылығы бүгінгі жастарға қызықты әрі өнерсүйер қауым арасында өзектілігін жойған жоқ. Мұхаңның картина жазу мәнері мен техникасы өз заманынан озық болды. Шарықтаған шабытынан туған талай туындының куәсі болдым… – деген суретшінің жары көрме ұйымдастырушыларына ризашылығын айтты.

eeee

Көрмеге келген М.Қалымовтың суретші-әріптестері – Қамбарбек Аманов, Нұрлан Бермағанбет, Халифа Мусина, Еркін Бозжігітов және Дәулет Салимов автордың тұлғалық қасиеттерін еске алды. Олар «Мұхит Қалымұлы тарихи тақырыптарға көп көңіл бөлді. Оның «Исатай-Махамбет», «Құрманғазы», «Бабалар» портреттері бейнелеу әдісінің сонылығымен және адамның ішкі жан-дүниесін ашудағы шеберлігімен ерекшеленеді» деген ойларымен бөлісті.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button