Сын сағатта сыр бермеген

1563256534 1494058811 slayd2 Жаңалықтар

Бүгінде арамызда қалған көзі тірі Жеңіс сарбаздарының бірі – атыраулық Зәкария Сұлтанов.

Ол 1925 жылдың сəуір айында Гурьев облысы, Новобогат ауданының Забурын ауылында дүниеге келген. 1943 жылы кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Орынбор облысының Кул ту г а н о в ка қ а л а с ы н а ə с ке р и дайындық курсынан өтуге жіберіледі. Осында сержант шенін алып шыққан жас жігіт 1944 жылдың басында үшінші Белорусь майданындағы 143- ші полктің əскери бөлімшелерінің біріне келіп түседі. Осында немісфашист басқыншылары жаулап алған, соғыста ең көп зардап шегіп, шығынға ұшыраған Белоруссия қалаларын азат ету операцияларына қатысады. – Артиллериялық дайындықтан соң бірден майданға түсу мен секілді жас сарбаздарға оңайға соқпағаны шын. Қарша бораған оқ, қарсыластардың шабуылына төтеп беріп, өзіміз тірі қалу үшін командирлердің басшылығымен түрлі айла-тəсілдерді қолданып, қорғануымызға тура келді. Қаншалықты қауіпті, қатерлі болғанымен, ыңғайын тауып, жаудың бетін қайтару, ұрысты тойтару, өліспей беріспеу міндеті алға қойылды. Оның үстіне, сəл де болса осалдық танытып, бір қадам шегінуге болмайтындығы қатаң ескертілді. Осының бəрін жадымызда ұстап тапсырманы орындауға, бастысы, басқыншыларды майдан шебінен бері асырмауды мақсат еттік. Бұл – бұлжытпай орындалуға тиісті бұйрық болатын. Əрине, оққа ұшып, сол жерде қаза тапқандар да, түрлі жарақат алғандар да аз емес еді. Соған қарамастан жауды тықсырып, басып алған қалаларын босатуға ұмтылдық. Жанымда болған қандыкөйлек, майдандас жолдастарымның біразы Отан үшін, ел үшін, қасиетті жер үшін жанын пида етті, – деп жазған майдангер қысқа ғана естелігінде. Сержант Сұлтанов бастаған б ө л і м ш е с а р б а зд а р ы б а с қ а д а қаруластарымен бірге əуелі Оршаны, содан соң Витебскіні жаудан тазартты. Одан əрмен жылжи берді. Жан берісіп, жан алысқан, өмір мен өлім арпалысқан сəттердің бірінде, жау жақтан атылған оқ ағамыздың денесіне бірнеше жерден тиеді. Жарақаты ауыр еді. Алайда, аялдауға болмайды, қайткенде ілгері қарай адымдай беру керек. Қанша қиналғанымен, саябырсыған сəтті күтуіне тура келеді. Құлаған жерінде орнынан көтеріле алмастан бірнеше сағат бойына сұлап жатады. Түн жарымында ғана жарақаттанғандарға медициналық көмек көрсетуге санитарлар келген. Жарасын таңып, жақын маңдағы госпитальге жеткізеді. Бұлардың ішінде кейіпкеріміз де барды. Сөйтіп, айға жуық уақыт далалық го с п и т а л ь д е е м д е л і п , с ау ы ғ ы п шыққанында Белоруссия толықтай азат етіліп, біздің əскерлер Шығыс Пруссияға бағыт алған еді. Ескі шекарадағы немістердің қорғанысын бұзып-жарып өткен сарбаздар алға қарай кете берді. 1944 жылғы қазан айының 9-ы болатын. Кенигсберг қаласының түбіндегі кескілескен шайқаста жерлесіміз тағы да ауыр жараланды. Жау оғының жарқыншақтары денесіне əбден сіңіп кеткендіктен емдеу де жеңіл болмады. Бұл жолы бірнеше ай госпитальде жатты. Ақыры 1945 – Жеңіс жылының сəуірінде ол қарулы күштер қатарында қызмет етуге жарамсыз деп танылады. Сол себепті, сержант Сұлтанов ішкі əскер құрамына ауыстырылып, Москва облысының аумағындағы қирапбүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына тартылған əскери тұтқындарды қарауылдау қызметін атқарады. Кейіннен ішкі əскердегі міндетін абыроймен атқарып, 1946 жылы елге оралған Зəкария ағамыз жұмысын жергілікті əскери комиссариатта жалғастырды. Көп кешікпей, облыстық ішкі істер басқармасына түзету жұмыстары инспекциясының бастығы қызметіне шақырылады. Жаза басып, жазасын өтеуші азаматтармен жүргізілетін бұл жұмыстың да жауапкершілігі жоғары еді. Құрметті еңбек демалысына шыққасын да облыстық орман сауда базасында жауапты қызметтерде болды. Қай жерде, қандай қызметте жүрсе де ағамыз ең алдымен өзін жəне өзгелерді сыйлау, адамдарға құрметпен, қамқорлықпен қарау, қолынан келгенінше жақсылық жасау, қуаныш сыйлау дағдысынан танбады. Жұбайымен екеуі үш перзентті өмірге əкеліп, балалары мен олардан өрбіген ұрпақтарды тəрбиелеуге өлшеусіз үлестерін қосты. Майдандағы ерліктері мен еңбектегі жетістіктерінің куəсіндей, кеудесіне ІІ дəрежелі «Отан соғысы» орденін, Жеңістің мерейтойлық медальдарын тақты. Қазірде немересі Марат жəне келіні Лаура, шөберелерімен бірге тұрады. Сəуір айында ардагер ағамыз тоқсан алты жасқа толды.

Дəулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз